АСТАНА, 21 тамыз – Sputnik. Қазақстанның ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов хабарлағандай, Теміртауда тұтынушыны супермаркеттен итеріп, қуып шыққан полицей жазаланды.
Желі қолданушысы Жан Ботанов eGov.kz порталындағы министрдің блогына шағымданып, Теміртауда көлігін ауыстырып қою үшін ер адамды дүкеннен итеріп шығарған полицейге қатысты пікір білдіруді сұраған.
"Қарағанды облысы ІІД жергілікті полиция қызметі қызметтік тергеу жүргізіп, нәтижесі бойынша қызметкерлер тәртіптік жауапкершілікке тартылды", — деп жауап берді ІІМ басшысы блогында.
Полицейдің өзі түсіндіргендей, қалаға "күзетілетін адам келгендіктен", тұтынушы көлігін басқа жерге қоюға тиіс болатын.
Втдео 28 шілде күні жарыққа шыққан, сол күні Теміртауға ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев барған болатын.