АСТАНА, 20 тамыз — Sputnik. Алматыда жолдың үстінде екі жігіт полицейдің дәл жанында төбелесті. Төбелестің видеосы eap_kz тобында жарияланды.
Видеода екі ер адам төбелесіп жүр. Олардың жанында жолдағы қозғалысты реттеуші полицей тұр. Ол жігіттерге бір-екі ауыз сөз айтады да, өз жұмысын жалғастырады.
Таяқ жеп жатқан жігіттердің бірі полицейдің артына тығылып, көмек күткендей болады. Бірақ тәртіп сақшысы жайбарақат өз жұмысын істей береді.
Ал роликтің астына пікір қалдырғандар мұнай жағдайда бір жағынан полицей болса да, екінші жағынан жолдағы қозғалысты реттеуге жауапты қызметкердің не істеу қажеттігіне қатысты дауласты. Біреулер жайбарақаттылық танытқан «полицейді жұмыстан қуу керек» десе, енді біреулер «оның өз жұмысы бар» десті.
Төбелестің қайда болғаны айтылмайды. Бірақ тығыз көлік ағынына және сәулет ерекшелігіне қарағанда Алматыдағы "Алтын Орда" базарындағы жол бұрылысына ұқсайды.