Оқиға

Алматыдағы тұрақ үшін төбелес: ер адамды соққыға жыққан жүргізуші ұсталды

© AFP 2024 / Thomas Samsonқамауға алу
қамауға алу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматыдағы базарлардың біріндегі көлік тұрағында төбелес болды

АСТАНА, 18 тамыз – Sputnik. Алматы базарларының біріндегі көлік тұрағында ер адамды соққыға жыққан жүргізуші ұсталды, деп хабарлады Алматы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. 

төбелес - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыда тұрақ үшін төбелес бейнеге түсіп қалды

Бір күн бұрын көлік тұрағында жігіттер жанжалдасып, бірі екіншісін қатты соққыға жыққан болатын.  Қазір полицейлер деректерді нақтылап жатыр. Төбелес "Тастақ" шағын ауданындағы базарда болған. 

"Кеше 102-ге "жаяу адамды қағып кетті" деген хабарлама түсті. Оқиға орнына жол-патруль полициясының экипажы барды. Жанжалдың екі тарапы анықталып, 32 жастағы ер адам ұсталды. Алмалы аудандық полиция бөлімінде 21.00 шамасында соққыға жығылған ер адам адвокатымен бірге арыз жазды. ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 1-бөлігі бойынша тергеу басталды. Ұсталған ер адамды уақытша ұстау изоляторына қамау жоспарланып отыр ", — деді Алматы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Ресми өкілдің сөзіне қарағанда, сараптамалар тағайындалған. 

Бір күн бұрын тұрақтағы төбелес желіде жарияланды. Камера ер кісілердің бірі тұраққа қойылып жатқан көліктің үстіне секіріп, жүргізушіні тоқтатпақ болғанын түсіріп алған. Автокөліктен екінші адам шығып, жұдырығын ала жөнеледі.


Жаңалықтар
0