Оқиға

Алматыда тұрақ үшін төбелес бейнеге түсіп қалды

© Sputnik / Табылды Кадырбековтөбелес
төбелес - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Видеода бір ер адамың екінші кісіні соққыға жыққаны көрініп тұр, ал барлығы голливудтық фильмдегейідей басталды

АСТАНА, 17 тамыз – Sputnik. Алматыда екі ер адамның жанжалы жойқын төбелеспен аяқталды. 

Youtube желісіне Мсье Котофф есімді пайдаланушы жариялаған видео голливудтық киноның қойылымы секілді басталады: ер кісілердің бірі тұраққа қойылып жатқан көліктің үстіне секіріп, жүргізушіні тоқтатпақ болады. Автокөліктен екінші адам шығып, жұдырығын ала жөнеледі. 

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, жанжалға себеп тұрақ орнынан дауласу болуы мүмкін. Зардап шеккеннің жағдайы туралы да, төбелескіштің ұсталып, ұсталмағаны туралы ақпарат та белгісіз: полицейлер әзірге оқиғаға ешқандай пікір білдірмей отыр. 


Жаңалықтар
0