Оқиға

Алматы зообағының есепшісі 32 миллион теңгені жымқырғаны үшін тұтқындалды

© Sputnik / Алексей Филиппов / Медиабанкке өтутүрме
түрме - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жыл бойына есепші билеттердің сатылуы туралы мәлеметті жасарып келген

АСТАНА, 17 тамыз – Sputnik. Сот Алматы зообағының бухгалтеріне қатысты қамау туралы санкция қабылдады. Медеу ауданы прокуратурасының хабарлауынша, ол 32 миллион теңге жымқырды деген күдік тудырды.

Гималай аюы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Алматы зообағында атасы немерелерін ойнату үшін аюға тас лақтырған

 Алматы қаласы №2 Медеу аудандық соты есепші-кассирді қамау жөнінен санкция қабылдады. Ол "Алматы зообағы" кәсіпорнына тиесілі қаржыны жымқырғаны жөнінен күдіктенеді. Тергеу жұмыстары нәтижесінде, бұл адам бір жыл көлемінде (2015 жылдың желтоқсаннан 2016 жылдың қазанына дейін) компьютерден зообаққа кіру билеттерінің сатылымы жөніндегі мәліметтерді жойып отырған. Осылайша, ол 32 миллион теңгені иемденіп, жұмсап жіберген.   

Қылмыстық іс "Бөтеннің сеніп тапсырылған мүлкін иелену және талан-таражға салу" және "ҚР есепшілік тіркеу және қаржылық есеп туралы заңнамасының бұзылуы" баптары бойынша тергелуде. Сотқа дейінгі өндіріс Алматы қаласының мемлекеттік кіріс департаментінің экономикалық қызмет тарапынан атқарылып жатыр. Қылмыстық істің ауырлығына байланысты істі жүргізу жөнінен процессуалдық прокурор тағайындалды. Ол тергеу ісінің басынан қылмыстық процестің аяқталып, сотқа берілгенге дейінгі уақыт аралығында бақылау жасайды.


Жаңалықтар
0