АСТАНА, 10 шілде — Sputnik. Алматы зообағында егде жастағы ер адам аюларды таспен атқылаған. Бұл туралы зообақ директоры Ержан Еркінбаев хабарлады.
"Кеше бір үлкен кісі аюлардың торына тақап келіп, ұйықтап жатқан гималай қонжығының басына тас лақтырды. Сөйтіп, немерелерін алдандырғысы келіпті. Мұндайларға не шара?", — деп жазады Еркінбаев Instagram желісінде.
Еркінбаевтың парақшасына жазылған жұрт та көп күттірмей, ер адамды жазалау шараларын ұсынды. Кейбіреулер айыппұл салу керек десе, өзгелер өзін таспен атқылайық депті.
"Бірнеше күн аюлармен бірге торға қамап қою керек", — деп жазады қолданушы kessler.kz.
"Немерелерінің алдында сабап тастаған жөн еді", — дейді sheludiakivan.
"Аюдың киімін киіп, келушілердің көңілін көтерсін", — деп кеңес береді eldarchenko.
"Не деген адамдар-ей? Айыппұл төлесін! Жануарларды емдеуге жұмасалады! Ұрады екен, өздері емдесін", — дейді aaaidaofficial.