Қоғам

"Нұрлы жер" бойынша биыл қанша үй салынатыны белгілі болды

© Sputnik / Алексей Филиппов / Медиабанкке өтубаспана
баспана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Биылғы жылдың 7 айында 6,2 миллион шаршы метр тұрғын үй тапсырылды

АСТАНА, 17 тамыз – Sputnik. Биыл "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында 10,2 миллион шаршы метрден астам тұрғын үйдң (99 мың пәтер) пайдалануға беру жоспарланып отыр. 

Оның ішінде мемлекеттік инвестиция есебінен 1,5 миллион шаршы метр тұрғын үй (25 мың пәтер) пайдалануға берілмек. 

Үй құрылыс - Sputnik Қазақстан
Экономика
"Нұрлы жер": пәтер немесе ойын-сауық кештері

Биылғы жылдың 7 айында барлық қаржыландыру көздерінен жалпы алаңы 6,2 миллион шаршы метр болатын тұрғын үйлер тапсырылды. Бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,2%-ға жоғары. 

Алматы облысында көрсеткіштер төмендеген.  Бірақ жалпы  республиканың 15 өңірінде тапсырылған тұрғын үй санының артуы байқалады. Республика бойынша 53 949 баспана пайлануға берілген. Оның ішінде 16 446 жеке үй және 37 503 пәтер. 

2016 жылы бағалы қағаздарды шығару есебінен кредиттік тұрғын үй құрылысын қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін "Бәйтерек" ұлттық компаниясы арқылы Ұлттық қордан 67 миллиард теңге бөлініп, оның 85,1 %-ы игерілді.

Бұл бөлінген қаржыға 2016-2018 жылдары 9852 пәтер салу жоспарланған. Қазіргі уақытта 173,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Биыл жылдың соңына дейін тағы 4373,9 мың шаршы метр (6324 пәтер), 2018 жылы 76,9 мың шаршы метр тұрғын үйді (1079 пәтер) тапсыру жоспарланып отыр.

 

Жаңалықтар
0