Спорт

Головкин мен "Канелоның" допинг сынамасының қорытындысы жарияланды

© REUTERS / Henry Browne LivepicГоловкин мен Канело
Головкин мен Канело - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Екі боксшы жекпе-жек алдында VADA ұйымының тексерісінен өтті

АСТАНА, 17 тамыз – Sputnik. Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-1, 34 КО) жекпе-жек алдынды допинг тексерістен өтті, деп жазады vesti.kz. 

Головкин мен Канело - Sputnik Қазақстан
Спорт
Абель Санчес қандай жағдайда Головкин мен Альварес екінші рет кездесетінін айтты

Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBC)  президенті Маурисио Сулейманның айтуынша, екі боксшының қанынан да рұқсат етілмеген дәрумен табылмаған. 

"WBC VADA-дан Геннадий Головкин, Сауль Альварес, Роман Гонсалес және Брайан Вилориилердің алдын-ала нәтижесін алды. Оның қорытындысы бойынша боксшылардың қанынан рұқсат етілмеген дәрумен табылмаған", — деп жазған Сулейман өзінің твиттер парақшасында. 

Еске салайық, екі боксшы арасындағы жекпе-жек 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді. Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. 

 

 

Жаңалықтар
0