АСТАНА, 17 тамыз – Sputnik. Қырғызстан азаматы шекараны заңсыз кесіп өткені және қару ұстағаны үшін айыпталып отыр, деп хабарлайды өңірлік ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
41 жастағы көрші елдің азаматын шекарашылар 16 тамызда Райымбек ауданындағы тауларда ұстаған.
Оның айтуынша, жоғалған малын іздеп жүріп, тауда адасып кеткен және шекараны кездейсоқ кесіп өткен.
Ұсталған азаматтан калибрі 7,62 миллиметр иір ойықты «Тигр» қаруы тәркіленген. Күдіктінің қолында қарудың рұқсат қағаздары жоқ. Оған қатысты екі бап бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Еске сала кетсек, осыдан бірнеше күн бұрын қазақ-қырғыз шекарасында төтенше оқиға болды. 12 тамызда 20 шақты адам шекараны заңсыз кесіп өтпекші болады. Жылқыларды заңсыз айдап өту үшін мемлекеттік шекараның инженерлік құрылғыларын бұзған олар «Жас өркен» бекетінің шекарашыларының ескертуін елеместен, қарсылық танытып, әскерилерді таспен атқылайды. Жағдай ушыға түскен соң шекарашылар оқ атып, салдарынан бір азамат жараланады. Ол кейін көз жұмады, ал қалғандары Жамбыл облысының аумағында жасырынады.
Қазіргі уақытта шекарашыларға қарсы заңсыз әрекет еткен адамдарға, сондай-ақ оларға оқ атқан шекарашыларға қатысты да тергеу жүргізілуде,