Қоғам

Шекарашыларға шабуыл жасап, оққа ұшқан Жамбыл тұрғыны заңсыз жылқы айдап өтпек болған

© Sputnik / Табылды Кадырбековқазақ-қырғыз шекарасы
қазақ-қырғыз шекарасы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақ-қырғыз шекарасында болған атыс бойынша Бас әскери прокуратура сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде

АСТАНА, 14 тамыз— Sputnik. Қазақ-қырғыз шекарасында болған төтенше жағдай бойынша шекарашыларға қарсы заңсыз әрекет еткен адамдарға, сондай-ақ оларға оқ атқан шекарашыларға қатысты да тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды Бас әскери прокуратура. 

Героин - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Қазақ-қырғыз шекарасы арқылы 15 келіден астам героин өткізбек болды

"2017 жылы 12 тамыз күні сағат 19.56-да 2035 әскери бөлімінің "Жасөркен" шекара заставасының учаскесінде 2 жауынгер П.А.Ергеш және Г.А.Бөрібай Қырғызстаннан жылқыларды заңсыз айдап өту үшін мемлекеттік шекараның инженерлік құрылғыларын бұзып жатқан 20 шақты белгісіз адамды байқаған. Заңсыз әрекеттерді болдырмау мақсатында шекара жасағының аға шекарашысы Ергештің "Тоқта!" деп бұйрық бергеніне қарамастан белгісіз адамдар шекара қызметкерлеріне тас лақтыра бастайды.Бұдан кейін Ергеш қолындағы АК-47 автоматымен ескерту ретінде аспанға 1 рет атты", — делінген хабарламада. 

Алайда белгісіз адамдар шекерашыларға тас лақтыруды тоқтатпай, екі жауынгердің басын жарақаттайды. Осыдан кейін Ергеш шабуылдаушылар жаққа қатарынан 2 оқ атып, оның біреуі құқық бұзушылардың біреуінің басына тиген. Кейін оның Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Жасөркен ауылының тұрғыны Қазақстан азаматы Еркін Әміртаев екені белгілі болды.

"Қазіргі уақытта шекарашыларға қарсы заңсыз әрекет жасаған тұлғаларға қатысты Қылмыстық кодекстің 380-бабының 2-бөлімі (билік өкiлiне қатысты күш қолдану) бойынша сот алды тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмыстық іс Жамбыл облысы Жамбыл ауданының ІІБ-нің өндірісінде. Сонымен қатар іс бойынша мән-жайды толық тергеу және аталған оқиғаның барлық қатысушыларының әрекеттеріне тиісті баға беру мақсатында ҚР ІІМ Әскери-тергеу басқармасы қару қолданған әскери қызметкерлерге қатысты Қылмыстық кодекстің 451-бабының 2-бөлімі1-тармағы (қару қолданып, ауыр зардаптарға әкеп соққан билікті асыра пайдалану) бойынша сот алды тергеуді жүргізіп жатыр", — деді прокуратурадағылар. 

Резонанстық қылмыстық істі Бас әскери прокуратура бақылауға алды. 

Еске сала кетсек, бұл оқиға Жамбыл облысында қазақ-қырғыз шекарасында 12 тамызда болды. 20 шақты адам шекараны заңсыз кесіп өтпекші болған. Олар шекарашылардың ескертуін елеместен, қарсылық танытып, әскерилерді таспен атқылайды. Жағдай ушыға түскен соң шекарашылардың бірі оқ атып, оның бірі Әміртаев деген азаматтың басына тиген. Оның артында әйелі мен екі қызы қалды. 


Жаңалықтар
0