АСТАНА, 17 тамыз – Sputnik. Екі ай бұрын жол апатында екі аяғынан айырылған алматылық Екатерина Парафиева бокспен айналыса бастады, деп хабарлады оның құрбысы Кира Ударцева Facebook желісінде.
Ударцева Екатеринаның бірнеше суретін жариялапты.
"Сүйінші хабарымыз бар! Екатерина БОКС үйреніп жатыр! Таяуда мықты бапкер Бабякин Владимир Катяға иық бұлшық еттерін осылай шынықтыру керек деп шешіпті! Қателеспеген екен! Көңілі көтеріліп, жадырап қалды! Ұнағанда қандай! Катя туа бітті боксшы! Бірнеше соққы түрлерін үйренді", — деп жазды Ударцева.
Оның сөзіне сүйенсек, Екатеринаға спорттық тағам алып келіпті, дайындық та қызға қатты ұнаған көрінеді.