Қоғам

Жол апатында екі аяғынан айырылған Екатерина Парафиева ауруханада түскен суретін жариялады

Жазылу
Қыздың риясыз күлкісі мен мейірімге толы жанары басынан өткен қайғылы оқиғаны бір сәтке ұмыттырып жіберетіндей

АСТАНА, 13 шілде — Sputnik. Жол апаты салдарынан екі аяғынан айырылған Екатерина Парафиева күлімсірей қарап, шүкіршілік етуді ұмытқан емес. Қыз әлеуметтік желіге суретін жариялап, жағдайы туралы айтып берді.

"Сіздерге сүйінші хабар жеткізгім келеді. Бүгін мені Қалқамандағы бірінші қалалық ауруханаға реабилитацияға ауыстырды. Қалай қуанбайын, бұл денсаулығымды қалпына келтіру жолында басқан жаңа қадамым емес пе", — деп жазады қыз.

Бұдан бұрын Екатерина халыққа үндеу тастап, өзіне жанашыр болған жандардың бәріне алғысын білдірген еді. 

Жол апаты 16 маусым күні Әл-Фараби даңғылында болған. Honda кроссоверінің жүргізушісі мен жолаушысы жол ортада тоқтап қалған көліктен түсіп, көмек күтіп тұрған: автокөлік сынған кәріздік құдықты басып, дөңгелегі жарылып кеткен екен. Сол сәтте қарама-қарсы бағыттан Toyota шыға келеді де, жолаушылар автобусы оны Honda көлігіне қарай бір-ақ ығыстырады. Салдарынан екі қыз көліктердің арасына қысылып қалған. 

Жаңалықтар
0