АСТАНА, 17 тамыз – Sputnik. "Протон-М" тасушы-зымыраны Байқоңырдан сәтті түрде ұшырылды, әскери серігі орбитаға шығарылуы тиіс, деп хабарлайды РИА Новости.
Зымыранды ұшыру Мәскеу уақыты бойынша 01.07 (Астана уақыты бойынша 04.07) іске асырылды, есептік уақыт – 10 минут өткен соң — зымыранның бас жағы штаттық режимде бөлініп шықты.
Ғарыш аппаратын "Бриз-М" блогымен орбитаға шығаруға бірнеше сағат кетеді.