АСТАНА, 13 шілде — Sputnik. Қызылорда облысы кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары Ғалымжан Мұстафаев Sputnik Қазақстан агенттігімен "Байқоңыр" ғарыш кешені маңында ойын-сауық аймағын құру жөніндегі жоспарлармен бөлісті.
Оның сөзіне қарағанда, облыс әкімдігі америкалық Флорида штатындағы Канаверал мүйісінде орналасқан Джон Кеннеди атындағы ғарыш орталығының туризмді дамыту тәжірибесін зерделепті.
Қазақстандық ғарыш айлағының туристік әлеуетін дамыту үшін билік "Байқоңыр" ойын-сауық туристік аймағын құру тұжырымының жобасын әзірледі. Мустафаевтың атап өтуінше, жоба Ресейдің мүдделі мемлекеттік органдарымен "Байқоңыр" кешені бойынша V ведомствоаралық комиссияда талқыланған.
"Келешекте, аймақты құру ғарыш туризмі орталығы ретінде қарастырылып отыр, бұл ретте басты міндеттердің бірі "Байқоңыр" кешенінің бар әлеуетін пайдалану барынша пайдалану болып табылады", — деді басқарма басшысының орынбасары.
Аймақ Байқоңырдың маңында орналасып, оның аумағы 50 гектарды құрайды деп жоспарланып оты.
Тұжырымға сәйкес, ойын-сауық аймағында туристердің қызметіне сауда орталығы, әлемдік стандарттарға сай қонақ үйлер, мейрамхана, казино, ұлттық сувенирлер дүкендері, этноауыл және ғарыш музейі ұсынылады. Сондай-ақ жаңа телекоммуникациялық байланыспен жабдықталған ойын-сауық ойын залдары, боулинг және бильярд болады.
Әртүрлі техникалық спецэффектілері, зымыранның ұшуын бақылауға арналған Hi-Tech технологиялары мен заманауи құралдары бар ғарыш атракциондарын ерекше атап өтуге болады. Басқа да жаңалықтар ретінде – бассейн, жаттығу залы, сауна, SPA-процедуралар мен аквапаркті атап өткен жөн.