АСТАНА, 14 сәуір — Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин мәлімдегендей, Мәскеу "Байқоңыр" ғарыш айлағын пайдалану арқылы ғарыш саласындағы Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытуды көздейді деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.
"Нұрсұлтан Әбішұлына айтқым келетіні, біз "Байқоңырды" пайдалана отырып, ғарыштағы ынтымақтастығымызды кеңейтуге шешім қабылдадық. Барлық жоспарларымызды реттейміз. Қолда бар жобаларды сіздермен бірігіп белсенді түрле жүзеге асыру үшін "Восточный" ғарыш айлағын пайдалану ойда бар", — деді Путин Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында.
Оның айтуынша, бұл ынтымақтастық "Байқоңырды" ұзақ уақытқа пайдалану, сондай-ақ ғарыштық техниканы бірігіп шығару және ұшыруды қамтиды.