АСТАНА, 17 тамыз – Sputnik. "Селтик" сәрсенбіден бейсенбіге қараған түні Глазго қаласында "Астана" клбуын ойсырата ұтты.
Глазгодағы матч 5:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді.
Қарымта матч Астанада 22 тамызда өтеді, екі матчтық кездесудің жеңімпазы Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде ойнайтын болады, ал жеңілгендер Еуропа лигасының топтық кезеңіне жол тартады.
"Астана" мен "Селтик" ЧЛ квалификация кезеңінде үш жыл бұрын кездескен, ол кезде шотландық команда жеңіске жетіп, әрі қарай ойынды жалғастырған болатын.