АСТАНА, 4 тамыз – Sputnik. Еуразиялық футбол ассоциациясы (УЕФА) одағының штаб-пәтерінде Чемпиондар лигасы квалификациясы плэй-офф раундының жеребесі өтіп, "Астана" футбол клубының қарсыласы шотландиялық "Селтик" болды.
Бас еуропалық турнирі іріктеуінің финалдық раундының алғашқы матчы 16немесе 17 тамызда Глазгода өтеді. Жауапты ойын ағымдағы жылдың 22 немесе 23 тамызында Астанада өтеді. Осы қарсы тұрулардың жеңімпазы Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алады. Жеңілген команда Еуропа лигасының топтарының біріне кетеді.
"Селтикті" "Астана" жақсы біледі. Өткен жылы бұл командалар ЧЛ үшінші раундында кездескен. Ол кезде шотландықтар басым түсті: Қазақстан елордасында 1:1 есебімен тең түскеннен кейін Глазгода өткен жауапты мачта шотландықтар 2:1 есебімен басым түсті.
Бұған дейін 2013-14 жылдардағы еуромаусымда бас еурокубок квалификациясы плэй-оффына "Селтик" қарағандылық "Шахтермен" кездескен. Астанада өткен алғашқы матч 2:0 есебімен қарағандылықтардың жеңісімен аяқталған.
Шотландық команданың ойыншылары "Астана-Арена" стадионында "Шахтер" матч алдындағы жаттығу кезінде мал сойғандарына есеңгіреп қалғандарына шағымданған. Шотландықтардың мәлімдеуінше қанның іздері ойын алдында жасанды газонда қалып қойған.