Спорт

"Легияның" Еуропа Лигасына бару ниеті жоқ

Жазылу
"Астанамен" матч алдында поляк командасының ойыншылары мен бапкерлік штабы "Астана-Арена" жасанды газонында жұмыс істеуге алаңдаушылық білдірген

АСТАНА, 27 шілде – Sputnik. "Легия" футбол клубының бас бапкері Яцек Магера Қазақстан чемпионы "Астанадан" көшпелі мачта 1:3 есебімен жеңілуінен кейін командасына рангы төмен турнирге дайындалу қажет деп есептемейді. 

"Астана" сәрсенбіде өз алаңында Чемпиондар лигасы квалификациясының үшінші раундындағы бірінші мачта жеңіске жетті. Жауапты матч Астана уақытымен тамыздың 2-сінен 3-іне қараған түні Варшавада  өтеді. Осы қарсы тұрудың жеңімпазы басты еурокубогі квалификациясының финалдық кезеңіне ЧЛ топтық раундына жолдама алу үшін күресетін болады. 

 "Алғашқы матч өтті, бірақ әлі қателерді түзету үшін Варшавада 90 минут бар. Варшавадағы жауапты ойында біз келесі турға өту үшін күресетін боламыз", — деді Магера матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында. 

Оның пікірінше, "Легия" "Астана" алаңында бір доптан артық соғуына мүмкіндік болған екен. Сондай-ақ, варшавалық команданың бапкері 90 минуттық матч аяқталғаннан кейін таблода болған 2:1 есебі әділеттірек екенін атап өтті. Үшінші голды алаң қожайындары қосымша уақытта салды. 

"Біз жасанды газонға үйрену үшін уақыт кетіріп алдық", — деп қосты Магера. 


Жаңалықтар
0