АСТАНА, 16 тамыз — Sputnik. "Астана ЭКСПО-2017" ҰК АҚ басшылығы туризм қауымдастығының ЭКСПО көрмесін 1 қарашаға дейін ұзарту туралы өтінішіне жауап берді.
"Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының қоғаммен байланыс департаменті басшысы Сергей Куянов хабарлағандай, ЭКСПО мерзімі ұзартылмайды.
"Біз олармен хабарластық, ниеттерін түсініп отырмыз. Олар үшін қуаныштымыз, өйткені ЭКСПО мақсатының бірі туризмді дамыту болатын. Халықаралық көрмелер бюросының регламенті бойынша, мамандандырылған көрмелер ұш айға созылады. Екіншіден мерзімді ұзартамыз деп, халықаралық қатысушыларға ауыртпашылығын тигіземіз. Сол себепті бұл өтінішті құп көріп, қабылдай алмаймыз", — деп түсіндірді Сергей Куянов.