АСТАНА, 16 тамыз — Sputnik. Сыра зауыты иесі Тоқтар Төлешовтің мүлкі Шымкент әкімдігіне берілді.
"Төлешовке тиесілі сегіз жер учаскесі мен төрт коттедж сот шешімімен Шымкент әкімдігінің меншігіне берілді. Екі коттедж өнер мектептерін ашу үшін білім беру бөліміне өткізілді", — деп пікір білдірді әкімдік баспасөз қызметі қала әкімі аппаратының басшысына сілтеме жасап.
Төлешовтер отбасы үшінші үйді бергілері келмейді екен. Әкімдік хабарлағандай, оларды шығаруға құжаттар өткізілген.
"Төртінші коттедж бұзылады, өйткені баспана ретінде тұруға немесе басқа нысандарды орналастыруға жарамсыз", — деді Шымкент әкімдігіндегілер.
Қаланың бас жоспары бойынша, әкімдіктің меншігіне өткізілген бүкіл учаскелерде көпқабатты үйлер тұрғызылады.