Қоғам

ЭКСПО көрмесінде африкалық базар хитке айналды

© Sputnik / Ирина СемибратоваАфрика плазасындағы сауда павильоны
Африка плазасындағы сауда павильоны - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ЭКСПО-ға келушілер үшін "болашақ энергиясынан" гөрі экзотикалық тауарлар қызығырақ

АСТАНА, 15 тамыз — Sputnik. ЭКСПО көрмесіне келушілер озық технологияларға емес, экзотикаға үлкен қызығушылық танытуда. Бұған "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы екі айдың қорытындысы бойынша ұсынған топ-10 павильоны дәлел болып отыр. 

ЭКСПО-2017 - Sputnik Қазақстан
Қоғам
ЭКСПО бітпесе екен: Қазақстанның іскерлік қауымдастығы көрме мерзімін ұзартуды сұрады

Екі ай ішінде халықаралық павильондарға жалпы кіріп-шығу саны 17 миллионнан асқан. 

Көш басында Африка Плаза павильоны тұр, онда 22 ел ұсынылған. Бұл павильонға кіріп-шығу саны — 659 452. Бір қызығы, энергетика жөніндегі мәлімет негізінен көрнекі құрал және бейнеақпарат ретінде көрсетілген әрбір елдің секциясы қаңырап бос тұр, есесіне ұлттық әшекейлер, киім-кешек, ыдық-аяқ сатылып жатқан базарда адам толып жүреді. 

Екінші орында – Египет, павильонда адамдар 608 733 рет болған. Үшінші орынға 596 462 көрсеткішпен Түркия жайғасты.

Одан кейін Әзербайжан — 568 654, Таиланд – 566 711, Үндістан – 557 480, Ресей – 515 321, Өзбекстан – 469 575, Жапония – 461 772, Сауд Арабиясы– 419 285. 

Екі айда көрмеде 66 Ұлттық және  4 мамандандырылған күн өткізілді. 160-қа жуық тақырыптық іс-шара — конгрестер, конференциялар, форумдар, шеберлік–кластары ұйымдастырылды. 

ЭКСПО-2017 көрмесін 22 мемлекет және үкімет басшысы, сондай-ақ 78 шетелдік министр тамашалады. 

 

Жаңалықтар
0