Қоғам

Түркия қазақстандық студенттерге 500 білім грантын бөледі

© Photo : АО "НК "Казахстан инжиниринг"Қазақстан мен Түркия туы
Қазақстан мен Түркия туы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Грант иегерлері Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде тегін білім алатын болады

АСТАНА, 14 тамыз— Sputnik. Мемлекеттік гранттардан бөлек Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті 500 білім грантына конкурс жариялады. Түркия елі грантының конкурсына өтініштерді қабылдау 10 тамыздан 25 тамызға дейін жалғасады. 

Гүлзат Көбенова - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Білім министрлігі жоғары балл жинаған түлектердің неге грант алмағанын түсіндірді

Жаңа оқу жылында Түркия Республикасы қазақстандық студенттерге 500 оқу грантын бөледі. Бұл гранттар Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде тегін білім алуға мүмкіндік береді. Түркия грантын жеңіп алған талапкерлер 1 жыл бойы дайындық, тіл үйрету орталығында  Foundation бағдарламасы бойынша  тегін оқытылады. Бағдарламаны меңгеріп, қорытынды емтиханды сәтті тапсырған білім алушылар 1-курсқа Түркия елінің гранты негізінде қабылданады.

Конкурс министрліктің жүйесімен бейіндік пәніне сәйкес таңдаған мамандық бойынша жүргізіледі.

Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті Қазақстанда да, шетелде де бәсекеге қабілетті болу мақсатында халықаралық деңгейдегі білім беру бағдарламаларын жасауда. Университеттің болашақ жоспарларында бакалавр және магистрлік бағдарламалардың санын, білім беру процесін, материалдық-техникалық, әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту  көзделген. Ол отандық және шетел студенттері үшін университеттің бәсекеге қабілеттілігін  арттыруға көмектеседі. 

талапкерлер - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Грантқа ілікпеген түлектер студенттік кредит бойынша оқуға түсе алады

Университет әлемдік деңгейдегі білім беру мекемесі ғана емес, сонымен қатар, академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша да білім тарататын, тәжірибе алмасатын орталық болып табылады. Жыл сайын 400-ге жуық студент Түркияның және Еуропа елдерінің алдыңғы қатарлы университеттерінде 1 семестр жоғары білімді дамыту мүмкіндігіне ие болады.

Университеттің білім беру жүйесі мен бағдарламалары Болон үдерісіне және әлемнің алдыңғы қатарлы университеттерінің оқыту жүйелеріне негізделген. Корпустары еуропалық үлгіде салынған. Бүгінгі таңда студенттер әлемнің 17 мемлекетінен келіп оқиды. Ал, түлектер – Қазақстандағы ең ірі медиахолдингтердің, кәсіпорындар мен мекемелердің басшысы болып қызмет атқаруда.

Қазіргі таңда университет ұжымы халықаралық аккредиттеуден өткен білім беру бағдарламаларының негізінде бәсекеге қабілетті жоғары білікті мамандар даярлайтын әлемдік деңгейдегі университетке айналу бойынша жұмыс жасап жатыр.


Жаңалықтар
0