Қоғам

Білім министрлігі жоғары балл жинаған түлектердің неге грант алмағанын түсіндірді

© Photo : СЦКГүлзат Көбенова
Гүлзат Көбенова - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ҚР БҒМ жоғарғы және ЖОО кейінгі білім департаментінің директоры Гүлзат Көбенова грант жетіспеушілігі мәселесі қалай шешілгенін айтып берді
Откуда удалось найти дополнительные гранты, объяснили в МОН РК

"Біз ата-аналар арызының мәнін сараладық. Олардың арызын талқылай бастағанымызда, халық арасында әртүрлі түсінік қалыптасқанын білдік. Өйткені биыл оқуға түсу үшін шектік ұпай саны өзгерді. Олар бұрынғыдай ең жоғарғы ұпай 100 екен деп жүр, негізінде талапкер 140 ұпай жинай алады. Екіншіден, талдау көрсеткендей, арыз берушілер – кең таралған мамандыққа тапсырған балалардың ата-аналары. Яғни, "Заң", "Халықаралық құқық", "Жалпы медицина", "Қаржы", "Менеджмент". Мұндай мамандықтарға өзгелермен салыстырғанда онша басымдық берілмеген", — деді Көбенова БАҚ сауалына.

Сонымен бірге, директордың айтуынша, биыл "Алтын белгі" иегерлерінің саны күрт артқан. Себебі "Алтын белгіні" иелену үшін үміткерлердің ҰБТ-да жинаған ұпайы емес, мектептегі емтихан қорытындысы есептелген.

Толығырақ мәліметті аудио материалдан тыңдаңыздар.

Жаңалықтар
0