Өңірлер

Шығыс Қазақстанда арбада жатқан үш айлық сәби тұншығып өлді

© Photo : Harald_LandsrathСәби
Сәби - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полиция оқиғаның мән-жайын анықтауда

АСТАНА, 14 тамыз – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында Глубокое ауданындағы ауылда үш айлық бала арбада жатып, тұншығып өлді, деп хабарлайды YK-news.kz жергілікті басылымы.

Сәби - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Атырауда бесінші қабаттан құлаған сәби өмірі үшін күресіп жатыр

"Қайғылы оқиға 12 тамызда Глубокое ауылында болған. Бастапқы мәлімет бойынша, анасының көңілі бөлініп кеткенде, үш айлық сәби арбада жатып, аунап, етпетінен жатады да, салдарынан тұншығып өледі. Сәбидің денесінде ешқандай зақым белгілері табылмаған", — деп жазады басылым.

Аталмыш оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған. Анасының кінәсі дәлелденсе, бес жылға дейін бостандығы шектеліп немесе түрмеге қамалуы мүмкін.

Жаңалықтар
0