АСТАНА, 14 тамыз – Sputnik. Қазақстанның футбол құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан үш бірдей ресми матчтан аластатылды, — деп хабарлайды vesti.kz.
2018 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турнирі аясындағы Данияға қарсы ойында Исламханға қарсыласын шынтақпен ұрғаны үшін бірден қызыл қағаз көрсетілді. Ойын 10 маусымда Алматыда өткен болатын. Капитаны ойыннан шығарылған Қазақстан құрамасы азшылықта қалып, 1:3 есебімен ұтылған болатын.
Осы оқиғаға байланысты УЕФА Исламханды үш матчтен аластатты. Осылайша футболшы ұлттық құраманың Черногория, Польша және Румынияға қарсы ойындарына қатыса алмайды.