Спорт

Жәнібек Әлімханұлының Астана өтетін жекпе-жектегі қарсыласы белгілі болды

© Photo : Әлеуметтік желіден алындыЖәнібек Әлімханұлы
Жәнібек Әлімханұлы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокста өзінің екінші кездесуін өткізеді

АСТАНА, 11 тамыз — Sputnik. Қазақстандағы ең талантты боксшылардың бірі Жәнібек Әлімханұлы Қанат Ислам мен Брэндон Кук арасында өтетін бокс кешінде бразилиялық Кармелито де Жезуспен кездеседі, деп хабарлайды Vesti.kz Qazaq promotions компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Головкин мен Канело - Sputnik Қазақстан
Спорт
Головкин - "Канело" бокс кешінде тағы кімдер жұдырықтасатыны белгілі болды

Талдықорғандық боксшы кәсіпқой бокс шаршы алаңына осымен екінші рет шығайын деп отыр. Ал оның қарсыласы Жезус болса 23 кездесу өткізген. Кармелито оның 18-де жеңіске жетсе, (15 нокаут) 5 кездесуінде жеңіліп қалған. 

Кармелито де Жезус өзінің соңғы кездесуін бос тұрған IBF Inter-Continental белбеуін үшін өткізіп, төрешілердің шешімімен италиялық Орландо Фьердиджилиодан жеңіліп қалған. 

Жәнібек Әлімханұлы бокстан спорт шебері. Рио-де-Жанейро қаласында өткен жазғы Олимпиада ойындарының ширек финалына шықты. Сонымен қатар Азия чемпионы деген атағы да бар. Кәсіпқой бокста ол бір кездесу өткізіп, колумбиялық Милтон Нуньестен үстем түскен. 

Еске салайық, Астанадағы бокс кешінің басты жекпе-жегінде бірінші орта салмақтағы WBO NABO және WBA Inter-Continental тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Қанат "QAZAQ" Ислам (24-0, 19 КО) өз белбеулерін канадалық Брэндон Кукқа (18-0, 11 КО) қарсы өтетін жекпе-жекте қорғайды.

 

Жаңалықтар
0