Қоғам

Астанада түрік актерлерімен өткен фан-кездесуде күзет шақыруға тура келді

© Sputnik / Асем Миржекеева"Ертұғрыл" түрік телехикаясының актерлері Астанаға келді
Ертұғрыл түрік телехикаясының актерлері Астанаға келді - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ЭКСПО-2017 көрмесінде бүгін Түркияның ұлттық күні тойланды

АСТАНА, 10 тамыз — Sputnik, Айымгүл Әбіл. ЭКСПО көрмесінде Түркияның ұлттық күні аясында қазақстандық көрермендер арасында аса танымал "Ертұғрыл" тарихи телехикаясының актерлері Женгиз Жошкун мен Нұреттин Сонмез фанаттарымен кездесу өткізді. Бірақ соңында сүйікті актерлерінен қолтаңба алып, суретке түсу үшін жапа-тармағай тап берген жұртты тәртіп сақтап, тыныштандыру үшін ұйымдастырушылар күзет шақыруға мәжбүр болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Ертұғрыл" телехикаясы Түркияда ғана емес, Қазақстанда да аса танымал. Актерлермен кездесуге еңкейген қариядан еңбектеген балаға дейін келді десек артық айтпаспыз. 

"Бұл телехикая жалпы түркі халықтарының тарихы туралы болғандықтан Қазақстанда аса танымал деп есептеймін. Осы себепті осы сериалды бүкіл түркі халықтарды жақсы көреді", — деді кездесуде Женгиз Жошкун. 

"Ортақ қан, ортақ рухымыз бар", — деді өз кезегінде Нұреттин Сонмез. 

© Sputnik / Айымгүл ӘбілТүрік актерлері қазақстандық фанаттарымен кездесті
Түрік актерлері қазақстандық фанаттарымен кездесті - Sputnik Қазақстан
Түрік актерлері қазақстандық фанаттарымен кездесті

Бұл тарихи телехикая болғандықтан, кинода ұрыс, шайқас көріністері көп. Актерлер жауынгерлік өнерін мейлінше паш етеді. "Ал өмірде осындай өнерлеріңіз бар ма?" деп сұрады актерлерден кездесуге келгендердің бірі. 

"Мұндай өнеріміз бар. Осы жылдар ішінде жақсы тәжірибе жинадық. Сыртта күресіп-төбелесуге ешқандай мүмкін қалмайды, өйткені бүкіл күш-қуатымызды осы сериалдағы шайқастарға жұмсаймыз. Соғыс сахнасынан кейін бес-он минут адреналиннен арыла алмай, сәл дірілдеп тұрамыз", — дейді Нұреттин Сонмез. 

Актер Со Кан Джун - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанаға келген танымал корейлік актер қыздарды жылатты

Кездесуде балалар да, ата-әжелеріміз де белсенді болды. Қариялардың бірі Сонмезден қашан үйленетінін, телехикаяда ойнайтын қыздардың біріне неге сөз салмайтынын сұрады. Бұл сұраққа күліп алған Жошкун "досымызды үйлендіре алмай әлекпіз" деп ағынан жарылды.

Бұдан бөлек, актерлер "Ертұғрылдың" төртінші маусымы болатынын, әзірге басқа телехикаяларға түсіп жатпағанын айтты. Олар уақыт тығыз болғандықтан, Астананы аралап үлгермеген. Бірақ келесі жолы міндетті түрде Қазақстанның елордасымен жақынырақ танысуға уәде етті. 

Актерлер фанаттарымен әңгімелесіп, сұрақтарына жауап беріп болған соң қолтаңба таратуға кірісті. Бірақ сәлден кейін жүргізушілер "мәдениеттілігімізді көрсетейік" деп жұртты тәртіпке шақырып, ұйымдастырушылар күзет алдыртуға мәжбүр болды. Өйткені сүйікті актерлерімен суретке түсіп, қолтаңбасын алуға асыққан қалың қауым жапа-тармағай ұмтылып, бірін-бірі таптап кете жаздады. 

© Sputnik / Айымгүл Әбіл"Ертұғрыл" тарихи телехикаясының актерлерімен кездесуге адам көп жиналды
Ертұғрыл тарихи телехикаясының актерлерімен кездесуге адам көп жиналды - Sputnik Қазақстан
1/3
"Ертұғрыл" тарихи телехикаясының актерлерімен кездесуге адам көп жиналды
© Sputnik / Айымгүл ӘбілҚолтаңба-сессия кезінде тәртіп орнату үшін ұйымдастырушылар күзет шақыруға мәжбүр болды
Қолтаңба-сессия кезінде тәртіп орнату үшін ұйымдастырушылар күзет шақыруға мәжбүр болды - Sputnik Қазақстан
2/3
Қолтаңба-сессия кезінде тәртіп орнату үшін ұйымдастырушылар күзет шақыруға мәжбүр болды
© Sputnik / Айымгүл ӘбілСүйікті актерінің қолтаңбасын алған бақытты фанат қыздар
Сүйікті актерінің қолтаңбасын алған бақытты фанат қыздар - Sputnik Қазақстан
3/3
Сүйікті актерінің қолтаңбасын алған бақытты фанат қыздар
1/3
"Ертұғрыл" тарихи телехикаясының актерлерімен кездесуге адам көп жиналды
2/3
Қолтаңба-сессия кезінде тәртіп орнату үшін ұйымдастырушылар күзет шақыруға мәжбүр болды
3/3
Сүйікті актерінің қолтаңбасын алған бақытты фанат қыздар

Бір жағынан, мұндай жағдайдың туындауына кездесудің дұрыс ұйымдастырылмағаны себеп болды. Ұйымдастырушылар халық көп келеді деп күтпесе керек. Кездесу корей актері келген кездегідей емін-еркін даладағы сахнада емес, түрік павильонының ішінде тар жерде өтті. 


Жаңалықтар
0