Қоғам

Астанаға келген танымал корейлік актер қыздарды жылатты

© Sputnik / Ксения ВоронинаАктер Со Кан Джун
Актер Со Кан Джун - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Со Кан Джун ЭКСПО көрмесінде өнеріне табынушы қазақстандықтарды тәнті етті

АСТАНА, 19 шілде — Sputnik. Корейлік фильмдер мен телехикаялардың жұлдызы, актер және модель Со Кан Джун ЭКСПО көрмесінде Кореяның Ұлттық күнінде өнеріне табынушы жүздеген қызбен кездесті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

23 жастағы сұлу жігіт қыздарға қолтаңбасын таратты. Әзілдеп, сұрақтарға жауап берді, өнеріне табынушы қыздарға құшағын да айқара ашты, тіпті кейбір қыздар қуаныштан жылап та алды. Сүйікті актерін көріп, эмоцияға берілген қыздар сахнада тұрып еңіреп жылады. 

Со Кан Джун Астанада өнеріне табынушы қазақстандықтармен кездесті
Со Кан Джун Астанада өнеріне табынушы қазақстандықтармен кездесті - Sputnik Қазақстан
Со Кан Джун Астанада өнеріне табынушы қазақстандықтармен кездесті

Ұлттық күндер өтетін сахнаның алдында 300 орын болса, соның бәріне қыздар жайғасты. ЭКСПО көрмесіндегі нағыз әйелдер мерекесі бүгін болған сияқты. 

"Маған көп адам келеді деп айтты, сондықтан кеше күні бойы дайындалдым. Сөйлейтін сөзімді жаздым, автограф-сессияға дайындалдым", — деді Со Кан Джун.

Сахнаға бірінен соң бірі көтерілген қыздар кумиріне сыйлық беріп, селфиге түсіп жатты. Кездесу бір сағатқа созылды. Осы уақытта жүзден астам қыз сүйікті актерінің қолтаңбасын алып, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.  

© Sputnik / Ксения ВоронинаЖүздеген қыз Со Кан Джунмен кездесуге келді
Жүздеген қыз Со Кан Джунмен кездесуге келді - Sputnik Қазақстан
Жүздеген қыз Со Кан Джунмен кездесуге келді

Со Кан Джун оңтүстіккореялық Кёнгидо қаласында туған. Актер ретінде ол 2013 жылы «Мектептен кейін кездесеміз» деген алғашқы дорамаға түседі. Екі рет Korea Drama Awards кинопремясын иеленген. Тұңғыш рет сыйлықты 21 жасында алады. 

23 жастағы актер 4 фильм мен 11 дорамаға түсіп үлгерген. 

 

 

 

Жаңалықтар
0