Оқиға

Алматы түбінде ұшақ құлаған жерге құтқарушылар мен өрт сөндірушілер аттанды

© Sputnik / Сергей КимӨрт сөндіруші
Өрт сөндіруші - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұшақ құлауы салдарынан екі адам қаза тапқан

АСТАНА, 10 тамыз — Sputnik. Төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма қызметкерлері мен өрт сөндірушілер Алматы түбіндегі әуе апаты орнына аттанды, деп хабарлады Алматы облысы Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Жеңіл моторлы ұшақ - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматы түбінде ұшақ құлап, екі адам қаза тапты

"Ұшақтың апатқа ұшырағанын растаймыз. Қаскелең қаласының Төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы мен өрт сөндіру бөлімшесі", — деді Sputnik Қазақстан агенттігіне сұхбат беруші.

Бастапқы мәліметтерге сүйенсек, бүгін 09.53-те оқу-жаттығу тапсырмасын орындау барысында "Технам 2002" ұшағы Азем аэродромынан 2 шақырымдай жерге құлады. Екі адам қаза тапты – инструктор-ұшқыш пен курсант. Ұшақ Азаматтық авиация академиясына тиесілі. Азем аэродромы Алматыдан 43 километр жерде орналасқан.

Жаңалықтар
0