Өңірлер

Жамбыл облысында Паралимпиада чемпионын тонаған ер адам ұсталды

Жазылу
Риодағы Паралимпиада ойындарының жеңімпазы Зульфия Габидуллинаның пәтерінен бағалы заттар мен ақша ұрланған

АСТАНА, 9 тамыз — Sputnik. Паралимпиада чемпионы Зульфия Габидуллинаның пәтерін тонады деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Жамбыл облысы ІІД баспасөз қызметі.

Қамауға алу - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Теміртауда ломбард тонаған қарақшы бір айдан соң ұсталды

Габидуллина 2017 жылы 29 сәуірде полицияға арыз берген. Белгісіз біреулер оның пәтеріне кіріп, бағалы заттары мен ақшалай қаражатын ұрлап кеткен, келтірілген материалдық шығын сомасы 1,35 миллион теңгені құрайды. Аталмыш дерек ҚР ҚК 188-бабы бойынша аса ірі көлемдегі тонаушылық ретінде сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркелді.  

Сотқа дейінгі тергеу барысында, Жамбыл облысы полицейлері жедел іздеу шараларын жүргізіп, А. азаматты ұстады.

Күдіктіге қарсы айыптау актісімен бірге қылмыстық іс 2017жылы 31 шілдеде сотқа жіберілді.


Жаңалықтар
0