Өңірлер

Теміртауда ломбард тонаған қарақшы бір айдан соң ұсталды

© Sputnik / Максим Блинов / Медиабанкке өтуҚамауға алу
Қамауға алу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қарағанды тұрғыны Теміртауда ломбард тонады деген күдікпен ұсталған

АСТАНА, 7 тамыз — Sputnik. Теміртаудағы ломбардқа шабуыл жасады деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Қарағанды облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Лери Сванидзе - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Астанадағы ломбардқа шабуыл: біз мұндай мерзімді армандаған да емеспіз

Шілде айының басында полицияға 25 жастағы қала тұрғыны арыз берген. Ол белгісіз біреудің пышақпен қорқытып, ломбардтан алтын бұйымдар ұрлап кеткені туралы айтып беріпті.

192-бап 1-бөлік "Қарақшылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмысы басталды. Күдіктінің кім екенін анықтап, оқиға куәгерлерін табу үшін қалалық ІІБ-ның бүкіл жеке құрамы бағыттама алды.

Полицейлер тамыздың басында қарақшылық шабуыл жасаған күдікті, 46 жастағы Қарағанды тұрғынын ұстады. Ер адамды жәбірленуші таныған, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта полиция оның басқа да қылмыстарға қатысын тексеріп жатыр.  


Жаңалықтар
0