Оқиға

Алматы облысында Toyota аударылып, екі адам қаза тапты

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуЖедел жәрдем
Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бастапқы мәлімет бойынша, жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған

АСТАНА, 9 тамыз — Sputnik. Алматы түбінде жол апатынан екі адам қаза тапты, үшіншісі ауруханада жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

жылқы - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматы облысында әйел кісі көліктің жылқымен соқтығысуынан қаза тапты

Жол апаты Іле ауданында болған, тамыздың 8-інен 9-ына қараған түні Өтеген батыр – Қызыл ту автожолында Toyota Camry трассадан құлап, аударылып түскен.

Оқиға орнында жолаушы ер мен әйел қаза тапты. Жүргізуші әр түрлі жарақатпен аудандық ауруханаға жатқызылды.

Алматы облысы ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, бастапқы мәлімет бойынша, Toyota Camry  көлігінің 28 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол апатына ұшыраған.

Жол апаты дерегіне сәйкес, ҚР ҚК 345-бабы бойынша тергеу ісі басталды, тиісті сараптамалар тағайындалған.

Жаңалықтар
0