АСТАНА, 8 тамыз — Sputnik. Алматы облысында жеңіл көлік пен жылқының соқтығысуы салдарынан бір адам қаза тауып, екіншісі қатты жарақат алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Кербұлақ ауданында Алматы – Өскемен тас жолының 143-ші шақырымында орын алды. Daewoo Espero көлігінің жүргізушісі жолдан өтіп бара жатқан жылқыны қағып кетті.
Оқиға орнында 54 жасар жолаушы көз жұмды. Ауыр жарақаттар алаған көлік жүргізушісі Сарыөзек ауылының ауруханасына жатқызылды.
Полицияда ЖКО дерегін растап, оған сәйкес, қылмыстық тергеудің басталғанын хабарлады.