Өңірлер

Сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы

© Sputnik / Болат ШайхиновЖаз
Жаз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз

АСТАНА, 9 тамыз — Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тек республиканың сотүстігінде, батысында ауа райы құбылмалы болады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, желдің күшеюі, бұршақ, дауыл болуы мүмкін, деп хабарлайды Қазгидромет.

Найзағай - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қазақстанның екі облысында дабылды ескерту жарияланды

Оңтүстік Қазақстан облысы, күндіз Қызылорда облысында кей жерлерде жел екпіні 15-20 м/с, бұрқасын. Қостанай, Солтүстік  Қазақстан, Павлодар облыстарында,  күндіз Ақмола облысында кей жерлерде жел екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде бұршақ, дауыл болуы мүмкін. Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, күндіз Атырау облысында кей жерлерде жел екпіні 15-20м/с.

Күндіз Атырау, Маңғыстау облыстарында ыстық, кей жерлерде өте қатты ыстық ауа райы сақталады, Жамбыл, Кызылорда облыстырында, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өте ыстық ауа райы сақталады.    

Алматы, Кызылорда, Атырау облыстарында, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде өте жоғары өрт қаупі сақталады. 

Астана қаласында ауа райы көшпелі бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай болады. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 9-14 м/с. Ауа  температурасы түнде +15+17°С, күндіз ++28+30°С болады.

Алматы қаласында ауа райы көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің екпіні 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +20+22°С, күндіз +32+35°С болады.

Жаңалықтар
0