АСТАНА, 8 тамыз – Sputnik. Еліміздің солтүстігі мен оңтүстігінде жел тұрып, аптап ыстық болады, деп хабарлады "Қазгидромет" сайты.
"9-шы тамызда тәулік бойы Қостанай облысында кей жерлерінде найзағай, жел 15-20 м/с, бұршақ, дауыл күтіледі. Күндіз қатты ыстық, кей жерлерде 35 градусқа жетеді", — делінген хабарламада.
9 тамызда тәулік бойы Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде шығыстан соққан желдің екпіні 15-20, түнде ұйытқуы 23 м/с, шаңды дауыл соғады.