Спорт

Рыпакова Әлем чемпионатында мансабындағы екінші "қолаға" қол жеткізді

© AFP 2024 / ADRIAN DENNISОльга Рыпакова
Ольга Рыпакова - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова Лондонда өтіп жатқан әлем чемпионатында үш мәрте секіруден үздік көрсеткішпен финалға шақты

АСТАНА, 8 тамыз — Sputnik. Қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова дүйсенбі күні кешке (Астана уақытымен дүйсенбі түнде) өз мансабында екінші мәрте үш мәрте секіруден әлем чемпионатының қола жүлдегері болды.

Ольга Рыпакова - Sputnik Қазақстан
Спорт
Рыпакова ОО-2008 күміс жүлдегері атанды

Рыпакова демалыста өткен квалификацияда медальдарға негізгі үміткерлер арасында алғашқы әрекеттен 14 метр 57 сантиметрге секіріп үздік көрсеткіш жасады. Ол кезде венесуэлалық Юлимар Рохас екінші әрекетте 14 метр 52 сантиметрге секіріп,  қазақстандыққа тек жақындады.  Ал колумбиялық Катрин Ибрагуэн финалға ілігетін 14 метр 21 сантиметр көрсеткішті қанағат тұтты. 

Екінші рет секіргенде Рохас 14,83 метр нәтижемен көш бастады. Үшінші мүмкіндігінде Рыпакова 14,77 метр нәтижемен екінші орынға көтерілді. Дегенмен  Рио Олимпиадасының чемпионы Ибаргуэн 14,89 метр нәтижемен көш басына шықты. Бесінші мүмкіндігінде Рохас 14,91 нәтижемен қайтадан алға кетті. Бұдан кейін үздік көрсеткішке ешкім қол жеткізе алған жоқ. Осылайша, венесуэлалық жеңіл атлет Рохас алғаш рет  әлем чемпионы атанды. Ибаргуэн күміс, Рыпакова қола жүлдеге қол жеткізді. 

Жаңалықтар
0