Қоғам

Қазақстанда отбасыны қолдау институты құрылмақ

© Photo : pixabayОтбасы
Отбасы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Институт жағдайы төмен отбасыларға қаржылай көмек беріп қана қоймай, олардың әл-ауқатын арттыру бойынша жоспар құратын болады

АСТАНА, 7 тамыз — Sputnik. Қазақстанда жуық арада отбасыға қиын-қыстау кезеңде жәрдем беретін қолдау көрсету институты пайда болуы тиіс, деді ҚР еңбек және әлеуметтік қорғаныс вице-министрі Светлана Жақыпова.

Президент жәрдемақы мен зейнетақыны өсіру жөніндегі заңға қол қойды - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Президент жәрдемақы мен зейнетақыны өсіру жөніндегі заңға қол қойды

Жақыпованың сөзіне сүйенсек, әлеуметтік көмек берілген кезде әлеуметтік келісім жасалып қана қоймай, отбасыны қиындықтан шығару бойынша жеке жоспар құрылатын болады.

"Былтырдан бастап отбасыға қолдау көрсету институтын құру мақсатында жұмыс жүргізіп жатырмыз. Ол қалай жұмыс істейді және бүгінде қандай қызмет көрсетеді? Егер бүгін отбасы жергілікті құзыретті органға келіп, "маған жәрдемақы беріңізші" деп, кіріс деңгейін дәлелдейтін болса, келесі жылдан бастап алдын алатын қызмет көрсетулер ұсынамыз", — деп хабарлады Жақыпова орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Мұндай жағдайда, оның айтуынша, жергілікті атқарушы органдар отбасыға барып кешенді шаралар қолдануы тиіс, оның мақсаты – отбасыға қолдау көрсетіп, оны кедейліктен арылтуға жағдай жасау.

Жаңалықтар
0