Оқиға

Жол апатына себепкер полицейдің неге бірден ұсталмағаны белгілі болды

© AFP 2024 / Thomas SamsonКісен
Кісен - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қостанайда көлік айдап келе жатып, ұйықтап кеткен полицей жол апатына ұшыраған

АСТАНА, 7 тамыз — Sputnik. Қостанайда жол апатына себепкер болды деген күдікпен полицей қамауға алынды, деп хабарлады облыстық сот баспасөз қызметі.

Көліктер - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Павлодар облысында қызметтік көлікті жеке мақсатта пайдаланған шенеуніктер анықталды

Қостанайдың №2 соты 22 жастағы полицейді қалалық ІІБ-нің уақытша ұстау изоляторына екі айға қамауға алды. Жас жігіт ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыс жасады деген күдікке ілінген.

Істің деректеріне сүйенсек, 30 шілдеде таңғы алты шамасында полицей Lada Priora көлігін айдап келе жатып ұйықтап кеткен. Салдарынан ол бағдаршамның қызыл жарығына өтіп кетіп, Lada Granta көлігін қағады. Lada Granta көлігінің жүргізушісі алған жарақатынан көз жұмған.

Апатқа себепкер – Қостанай ІІБ қызметкері жұмыстан тыс уақытта көлік айдап келе жатқан. Ол жол апатынан соң бірден қамауға алынған жоқ. Сол себепті қоғамның наразылығын туғызды.

Облыстық ІІД түсіндіргендей, заңнамаға сәйкес осы санаттағы істер ауыртпалығы орташа тәртіп бұзушылыққа жатады. Күдіктінің тұрақты мекенжайы бар, бұрын сотталмаған, кім екені анықталған, оқиға орнынан қашып кеткен жоқ, медициналық сараптамаға сәйкес сау болған. Мұндай кезде айыпты тұлғалар ұсталмайды, оларға қатысты басқа бұлтартпау шарасы қолданылады. Дегенмен полицейді уақытша ұстау изоляторына қамауға алды. Өйткені "жол апатына себепкер — құқық қорғау органының қызметкері, қызметіне байланысты заңнама мен тәртіп сақтау бойынша аса қатаң талап қойылады", — дейді ІІД.

Жаңалықтар
0