АСТАНА, 4 тамыз — Sputnik. Павлодар облысында қызметтік көлікті жеке мақсатта пайдалану оқиғалары әшкере болды, деп хабарлайды жергілікті pavlodarnews.kz басылымы.
Басылым Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті жемқорлықтың алдын алу басқармасы басшысы Ардақ Балғожинға сілтеме жасап хабарлағандай, науқан ұйымдастырушылары шенеуніктердің қайсы қызметтік көлікті жеке мақсатта пайдаланатынын білу үшін арнайы рейд жүргізген.
"Мәселен, түнгі сағат бірде Павлодарда Бекхожин көшесі бойында рейд қатысушылары Павлодар ауданы әкімдігінің коммуналдық сервисі" ЖШС тиесілі Toyota көлігін тоқтатқан, — деді Ардақ Балғожин. – Көлікте жүргізушіден бөлек екі жолаушы болған: олардың бірін жүргізуші ЖШС механигінің досы деп таныстырды, ал екіншісін кім дерін білмей сасып қалған. Жексенбі күні сағат 18.40-та Павлодар-Семей тас жолында Ямышево ауылына жақын жерде Аққуға бара жатқан Lada көлігі тоқтатылды, ол Лебяжье ауданының ветеринария бөліміне тиесілі.
Ардақ Балғожинның айтуынша, қызметтік көліктің жұмыс уақытында да тиісті емес жерде жүргені анықталған.