Өңірлер

Павлодарда жоғалып кеткен 13 жасар қыз табылды

CC0 / / Жасөспірім
Жасөспірім - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ата-анасымене ренжісіп, үйінен кетіп қалған қыз жоғалып, төртінші күні бір-ақ табылған

АСТАНА, 16 шілде — Sputnik. Павлодарда жоғалып кеткен 13 жасар қыз табылып, ата-анасына қайтарылды, деп хабарлайды Павлодар облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Полиция мәліметіне сүйенсек, 12 шілде күні Павлодар қалалық ІІБ-не кәмелеттік жасқа толмаған қыздың жоғалғаны туралы оның ата-анасы хабар береді. Олар қызының ренжісіп, үйден кетіп қалғанын, содан бері қоңырауға жауап бермегенін түсіндірген.

Өзен жағасындағы балалар - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Сегіз жасар бала сыныптасын құтқарып, қаза тапқан

Қызды іздеуге облыстың ішкі істер органдарының бүкіл жеке құрамына бағыттама берілді. Оларға "Добряки Павлодара" еркітілер тобы да жәрдемдескен.

Полиция анықтағандай, қыз бала өзінен он жас үлкен жігітпен сөйлесіп жүріпті. Ата-анасы қарсы болып, одан аулақ жүруді талап еткен. Жедел қызметкерлер арнайы құрылғылардың көмегімен қыздың ұялы байланысына қосылады. Жасөспірім қоңырауға жауап бермегенімен, ВКонтакте әлеуметтік желісіне қосылып отырады. Түскен ақпарат жедел тексерілген.

Ерікті Асхат Құстәулетов әлеуметтік желіде қыздың танысымен сөйлесіп, ақыры жасөспірімді үйге қайтуға көндіруге иландырады.

Жасөспірім ерікті және полицейлермен алдын ала белгіленген жерде кездеседі. Қыз өкінетінін айтып, туған-туыстарын қатты сағынғанын жеткізеді, бірақ ата-анасының алдында өзін кінәлі сезінгендіктен, қайтып оралуға дәті бармапты. 

Ювеналды полиция өкілдері жасөспіріммен тәрбиелік мақсатта әңгіме жүргізді. 

Жаңалықтар
0