АСТАНА, 7 тамыз — Sputnik. Жамбыл облысының мәслихат депутаты Қайрат Терлікбаев өз үйінде өлі күйінде табылды. Бастапқы мәлімет бойынша, мемлекеттік қызметші өз-өзіне қол салған, деп хабарлады облыстық ІІД.
Қайрат Терлікбаевтың мәйітін 5 тамызда оның әйелі тауып алған. Қайрат Терлікбаев 65 жаста еді.
Ол 38 жыл ғұмырын теміржол саласына арнап, "Қазақстан темір жолы" ҰҚ" АҚ филиалы "Луговое рельспісіргіш кәсіпорынын" басқарған.
Қазақстан Республикасы президентінің алғыс хатымен марапатталып, "Құрметті теміржолшы" атағын иемденген.