Өңірлер

Үйінен қашып кеткен ағалы-інілі жасөспірімдер көлік жуып, күн көрген

CC0 / / Жасөспірім
Жасөспірім - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Олар әкесімен ренжісіп, үйінен қашып кетіпті

АСТАНА, 7 тамыз — Sputnik. Талдықорған полициясы үйінен қашып кеткен екі жасөспірімді тауып, отбасына қайтарды, деп хабарлайды Алматы облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Өзенге шомылу - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Ақмола облысында кәмелеттік жасқа толмаған оқушылар суға батып кетті

Екінші тамызда талдықорғандық полицейлерге ерлі-зайыптылар хабарласып, із-түссіз жоғалып кеткен екі жасөспірімді тауып беруді сұрайды. Кейінірек белгілі болғандай, 14 және 16 жастағы екі ер бала ата-анасымен ренжісіп, үйден кетіп қалыпты. Жоғалып кеткен жасөспірімдердің ұялы телефоны сөндірулі болған.

"Іздеу бөлімі, ювеналды полиция қызмектерлері мен патрульдік полицейлер, учаскелік инспекторлар қала мен саяжай массивтерін аралап, іздеп шықты. Балаларды әртүрлі ойын салондарынан, аула клубтары мен бассейндерден, саябақтардан іздеген. Ақыры соңында ағайындылардың кішісі үш тәулік өткен соң табылды, ал үлкені төртінші күні табылған. Осы уақыт ішінде ағалы-інілі екі жасөспірім Талдықорған шетіндегі көлік жуу бекетінде жұмыс істеп жүріпті. Екеуі де аман-есен, туған-туыстарының қасында", — деп хабарлады облыстық полиция.

Полицейлермен сөйлескен кезде, жасөспірімдер әкесімен қайта-қайта ренжісе бергендіктен, үйден кетіп қалғандарын жеткізіпті. Ювеналды полиция инспекторлары ахуалды тексеру үшін отбасыны бақылауға алды. 

Сонымен бірге, полицейлер кәмелетке толмаған балаларды жұмысқа алған көлік жуу бекеті басшылығын да тексермек. 

Жаңалықтар
0