Өңірлер

Бурабайда батып кеткен екінші қыздың денесі табылды

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуадамдар суға шомылып жатыр, архив
адамдар суға шомылып жатыр, архив - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Екі қыз шомылуға арналмаған жерде суға батып кетті

АСТАНА, 7 тамыз — Sputnik. Бурабайда 6 тамызда батып кеткен қыздардың екіншісінің денесі көлден табылды, деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті. 

Бурабай - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Астана тұрғыны Бурабайда қыздардың суға кеткен сәтін түсіріп алыпты

"Бүгін, сағат 12.36-да Бурабайда жексенбі батып кеткен қыздың денесі табылды", — деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов. 

Бірінші қыздың денесі бұған дейін табылып, судан шығарылды. Қайғылы оқиға Бурабайда Шабақкөлде болған. 

Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаментіндегілер атап өткендей, Бурабай ауданындағы екі қыз батып кеткен көлдегі жағажай шомылуға арналмаған. Сондықтан бұл жерде құтқарушылар бекеті жоқ. 

Еске сала кетсек, 6 тамызда бір тәулік ішінде шомылу үшін белгіленбеген жерлерде 11 адам батып кеткен. Оның екеуі кішкентай бала. 


Жаңалықтар
0