Оқиға

Астана тұрғыны Бурабайда қыздардың суға кеткен сәтін түсіріп алыпты

© SputnikБурабай
Бурабай - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ер адам кездейсоқ қайғылы оқиғаның куәгері болды

АСТАНА, 7 тамыз — Sputnik. Бурабайда үрмелі матрас аударылып кетіп, екі адам қаза тапты, бұл туралы өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында пайдаланушы Ұлан Әбішев хабарлады. 

Пост авторы 6 тамыз күні Ақылбай елді мекенін жанында Бурабай демалыс аумағындағы Кіші Шабақты көлінде демалғанын хабарлады. Қайтуға жиналып жатқан кезде Әбішев бірнеше сурет түсіріп алмақ болған. Суреттердің біріне қайғылы оқиға түсіп қалған. 

"Сол сәтте бұл жерде екі қыз бен жеткіншек өмір үшін арпалысып жатты. Олардың үрленген матрасы қатты желдің салдарынан аударылып кеткен.

Оларға көмекке бірнеше жігіт келген, олар тек баланы ғана судан аман алып шықты. Өкінішке орай, екі қызды құтқара алмаған. Олар жағада жүгіріп, құтқарушыларды шақыруды сұрады. Құтқару қызметі оқиға орнына бір сағатқа жуық уақытта жеткен. Біз шарасыз алысқа қарап тұрып, олардың сұлбасын көріп қаламыз деген үмітте болдық. Әйелдер мен балалар жылап жатты", — делінген жарияланған мәтінде.


Жаңалықтар
0