Экономика

Ұлттық валюта тағы біраз нығайды

© Sputnik / Болат ШайхиновАқша
Ақша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
KASE таңғы сессиясы теңгенің өскенін көрсетті

АСТАНА, 7 тамыз — Sputnik. Ұлттық валюта бағамы Қазақстан қор биржасының таңғы сауда-саттығы нәтижесі бойынша долларға қатысты 2,62 теңгеге өсті.

Ақша - Sputnik Қазақстан
Экономика
Ұлттық банк басшысы теңге бағамының кенеттен өзгеруін түсіндірді

"Доллардың орташа бағамы бір доллар үшін 331,55 теңгені құрады. Сауда-саттық көлемі жұма күнгі көрсеткіштен қарағанда 13 мың 150 долларға өсіп, 58 мың 950 долларды құрады", — делінген биржа есебінде.

Астана уақыты бойынша 4 тамыз 16.00-де ҚР Ұлттық банкі бекіткен шетелдік валюта бағамы 5-7 тамыз үшін бір долларға 333,6 теңге, бір еуроға 396 теңге, бір ресейлік рубль үшін 5,52 теңгені құрайды. 

Елордалық айырбастау пункттері америкалық валюта бойынша бір долларды 331,7 теңгеге сатып алса, 332,7 теңгеге сатады. Ал бір еуроны 391 теңгеге алып, 393 теңгеге сатады. Ал, рубль бағамы біршама тұрақты – сатып алу  5,53 теңге, сату 5,57 теңге.

Жаңалықтар
0