Экономика

Ұлттық банк басшысы теңге бағамының кенеттен өзгеруін түсіндірді

© Sputnik / Болат ШайхиновАқша
Ақша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұлттық банк басшысы теңге бағамының құбылмалылығына пікір білдірді. Данияр Ақышевтың сөзіне қарағанда ұлттық валюта бағамының кенеттен өзгеруі қаржы нарығындағы күйзелуді қайтаруға мүмкіндік береді

АСТАНА, 24 мамыр — Sputnik. Қазақстанның Ұлттық банкі теңгенің әлсіреуінен де нығаюынан да тренд көріп отырған жоқ. Ал валютаның құбылмалығын еркін айырбасталымды бағам және бұл процесске реттеушінің араласпауымен түсіндіреді. 

"Мен теңгенің жоғары құбылмалығы туралы тезиспен келіспеймін. Меніңше, көпшілік сарапшылар мен осы нарыққа қатысушылар теңге бағамына әсерін тигізетін негізгі факторлар, тенденция мен динамиканы түсінеді. Теңгенің кесімді болған кезеңінен кейін еркін құбылмалы валюта бағамына үйрену қиын. Халық та, кәсіпорындар да көбіне күнделікті өзгеріп тұратыннан тұрақты бағамның болғанын жөн көреді. Дегенмен біздің пікірімізше, еркін құбылмалы теңге бағамы бұрындары айырбас бағамының есеңгіретерлік өзгерістеріне әкеліп соқтырған дисбаланстарының жиналуынан сол кәсіпорындар мен жұртшылықты қорғайды", — деді Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев. 

Ұлттық банк төрағасы болашақта да теңге бағамының құбылуы орын алуы мүмкін екенін ескертті.  


Жаңалықтар
0