Спорт

Белосоховты еске алу турнирінде "Алтай" мен "Барыстар" бір-біріне кедергі келтірді

CC0 / / Хоккей
Хоккей - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Новосибирскідегі хоккей турнирінде қазақстандық дербидің нәтижесі мұз айдын иелеріне жеңуге мүмкіндік туғызды

АСТАНА, 6 тамыз — Sputnik. Жастар хоккей лигасының қатысушысы, "Сибирские Снайперы" клубы Қазақстаннан барған екі команда арасындағы матч нәтижесінде маусым алдындағы турнирдің жеңімпазы атанды.

Найджел Доус - Sputnik Қазақстан
Спорт
Найджел Доус "Барыс" капитаны болды

Александр Белосоховты еске алу турнирінде қазақстандық екі команда қатысқан: өскемендік "Алтай" мен астаналық "Қар Барыстары".

Жарыстың соңғы туры алдында "Алтай" командасында сегіз ұпай, ал "Барыстар" мен "Снайперлерде" алты ұпайдан болған еді. Өскемендіктер "Барыспен" өтетін соңғы матчта жеңілмесе жеңіске жеуге тиіс болатын. Бірақ олар 4:2 есебімен ұтылып қалды. Сөйтіп, "Қар Барыстары" алға шыққан.

Сол екі арада "Снайперлер" жарыстың аутсайдерлері "Кузнецкие Медведи" клубын ұтып турнир кестесінде бірінші орын алды.

Жаңалықтар
0