АСТАНА, 2 тамыз – Sputnik. Елордалық хоккей клубы "Барыстың" шабуылшысы Найджел Доус команда капитаны болып тағайындалды, деп жазады Шайба.kz.
Бұрынғы команда капитаны – американдық және қазақстандық хоккейші Брендон Боченски – 35 жасында мансабын аяқтады.
Найджел Доус өткен маусымда ҚХЛ жүйелі чемпионатында 59 матч ойнап, 63 (36+27) ұпай жинады. Он плей-офф ойынында он (7+3) ұпаймен ерекшеленді.