Оқиға

Астана полициясы өзіне қол салған қыздың кім екенін анықтады

© Sputnik / Табылды КадырбековҚыз
Қыз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оның артынан кішкентай сәбиі қалған

 АСТАНА, 6 тамыз — Sputnik. Астаналық полицейлер биіктен секіріп, қаза тапқан қыздың кім екенін анықтады, деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметі басшысы Софья Қылышбекова Sputnik Қазақстан агенттігіне.

адамның қолы - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Астанада полиция өзіне қол салған қыздың жеке басын анықтап жатыр

"Жедел іздеу шаралары нәтижесінде полицейлер қаза тапқан қыздың кім екенін анықтады. Ол 1997 жылы туған Ақмола облысының тұрғыны екен. Астанада уақытша жігітімен тұрып жатыпты", — сообщила Қылышбекова Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Оның айтуынша, қыздың бір жас жеті айлық баласы бар екен.

Қыздың достары мен жақындары тергеліп, олар қыз бен бірге тұратын жігіті арасында келіспеушіліктер болғандығын айтып берді.

Бұдан бұрын Астана полициясы биіктен құлап, өзін өлтірген қыздың кім екенін анықтауға жәрдемдесуді сұраған болатын. Қаза тапқан әйелдің денесі Асан Қайғы көшесі бойында тамыз айының басында табылған еді.

Жаңалықтар
0