Оқиға

Астанада полиция өзіне қол салған қыздың жеке басын анықтап жатыр

© Sputnik / Табылды Кадырбековадамның қолы
адамның қолы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қыздың денесі бір күні бұрын түнде табылды

АСТАНА, 5 тамыз – Sputnik. Полицейлер тұрғындардан Астанада қаза болған қыздың жеке басын анықтауға көмек сұрап отыр. Оның денесін құқық қорғау органдарының қызметкерлері Асан қайғы көшесінің бойынан, 4 тамызда тапқан. 

ІІД хабарламасына сәйкес, ол өзіне қол салып, анықталмаған биіктен секірген.  

"Қаза тапқан қыз азиат пішінді, бойы шамамен 162 см., шашы қара боялған, ұзын, қыр мұрынды, қасы татуаж, құлағы тесілген", — деп хабарлады Асана қаласы ІІД криминалдық полиция басқармасында. 

Қаза тапқанның жас шамасы – 20-25-терде. Қыздың үстіне ақ-қара туника болған. СОл қолының саусағында күміс жүзік. 

Астана полицейлері қаза тапқан қыз туралы қандай да бір ақпарат білетіндерді келесі телефон нөмірлері 8 7172 71-60-10, 71-60-22, +7 775 979 95 05 бойынша хабарласуын сұрайды. 


Жаңалықтар
0